Михаил Кукушкин финалда есе жіберді

Михаил Кукушкин финалда есе жіберді
Теннис

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Италия Андрия қаласында өткен турнирдің финалында жеңіске жете алған жоқ, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Ақтық сында швейцариялық Леандро Риедимен кездескен Кукушкин екі сетте 6:7, 3:6 есебімен жеңілді. Осылайша, ол 50 рейтингілік ұпай иеленіп, турнирдің финалдық кезеңінде өнер көрсеткені үшін 3650 еуро жеңіп алды.