Кукушкин финалға бір қадам жақын

Кукушкин финалға бір қадам жақын
Теннис

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Италияның Андрия қаласында өтіп жатқан теннис турнирінің ширек финалында өнер көрсетіп, финалға бір табан жақындай түсті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Михаил Кукушкин 1/4 финалды австриялық Юрий Родионовты екі сет қорытындысында 6:0, 7:5 есебімен жеңіп, Италиядағы теннис турнирінің жартылай финалына жолдама алды. 1 сағат 32 минутқа жалғасқан матчта Кукушкин бір эйс жасаған. 

Қазір Михаил Кукушкин АТР рейтингінде 223-орында тұр.