Ван Гал баспасөз конференциясында журналисті құшақтады

Ван Гал баспасөз конференциясында журналисті құшақтады
Футбол

Футболдан Нидерланд ұлттық құрамасының бас бапкері Луи ван Гал баспасөз конференциясында сенегалдық журналисті құшақтады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.  

Мен мансабын енді бастаған жас журналиспін. Сізге қояр сұрағым жоқ. Бұл баспасөз конференциясы 3 жасымнан бастап сіздің жанкүйеріңіз екенімді айтуға берілген үлкен мүмкіндік”, - деді журналист. 

Бұған қатты таңырқаған бапкер өз алғысын білдірді.

“Сені қатты құшақтағым келіп тұр. Бала күніңнен иенің жанкүйерім екеніңді айтқаның таңғалдырды. Мұндай жағдайлао сирек кездеседі”, - деді Луи ван Гал. 

Катардағы әлем чемпионатының алғашқы кездесуінде Нидерланд құрамасы Сенегалды 2:0 есебімен жеңгенін еске сала кетейік. Ал бүгін Луи ван Гал шәкірттері Эквадормен кездеседі, матч Астана уақытымен 22:00-де басталады.