Әлихан Әсетов «Ақ Барсқа» қарсы матчта үздік ойыншы атанды

Әлихан Әсетов «Ақ Барсқа» қарсы матчта үздік ойыншы атанды
Хоккей

"Барыс" пен "Ақ Барс" арасындағы матчтың үш үздік ойыншысы анықталды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі ҚХЛ ресми сайтына сілтеме жасап. 

Кездесудің үшінші жұлдызы «Барыстың» шабуылшысы Әлихан Әсетов атанды, ол кездесуде командасының жалғыз голын соқты. Алғашқы екі жұлдызды татарстандық хоккейшілер Амир Мифтахов пен Вячеслав Войнов алды. 

Еске салайық, "Барыс" қарсыласынан 1:2 есебімен жеңілген болатын.