"Барыс" қарсыласына есе жіберді

Хоккей

Бүгін елордалық "Барыс" өз алаңында татарстандық "Ақ Барспен" кездесіп, жеңіліп қалды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Бас жаттықтырушы Андрей Скабелка бүгінгі ойынға келесі құрамды бекіткен еді: Савицкий – Вей (С) – Михайлис (А), Бекетаев – Грэм, Бракко – Сагадеев – Петухов (А), Мищенко – Ножье, Қайыржан – Шестаков – Мұратов, Гайтамиров – Данияр, Әсетов – Гурков – Максимов, Григорьев. Қақпашылар: Бояркин (Гудачек).

Бірінші кезеңнің 3-минутында шайбаны қарсылас команданың ойыншысы Воронков салған еді. Алайда, ойынның 25-минутында Әсетов есе қайтарды. Дегенмен, үшінші кезеңнің басында "Барыс" қақпасына Войновтың көмегімен тағы бір шайба түсті. Есеп - 2:1.