Қазақстандық гимнастшылар Австрияда бақ сынайды

Қазақстандық гимнастшылар Австрияда бақ сынайды
Басқа

Эстетикалық топтық гимнастикадан Қазақстан құрамасы Австрияның Грац қаласында өтетін әлем чемпионатында және “Steier Cup” халықаралық турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Австриядағы әлем чемпионаты мен халықаралық турнирде 16 жастан жоғары жастар арасында Қазақстан намысын үш команда қорғайды. Олар: “Aphrodite team” (Астана қаласы), “Kerbez” (Алматы қаласы), “Karmelity” (Шымкент қаласы). 

Халықаралық дода ертең басталып, 28 қарашаға дейін жалғасады.