Қазақстандық пара спортшылар IWAS дүниежүзілік ойындарында өнер көрсетеді

Қазақстандық пара спортшылар IWAS дүниежүзілік ойындарында өнер көрсетеді
Басқа

Қазақстандық пара спортшылар 23-29 қараша аралығында Португалияда өтетін IWAS дүниежүзілік ойындарында өнер көрсетеді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Жарысқа әлемнің 34 мемлекеті қатысады.

Еліміздің 27 спортшысы жарыста спорттың үш түрі бойынша өнер көрсетеді: жеңіл атлетика, жүзу және пауэрлифтинг.

Айта кетсек, IWAS ойындары – бұл арбаға таңылған және дене мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған спорт ойындары болып келеді. Ол әр екі жыл сайын өткізіледі. Қазіргі таңда IWAS ұйымына 73 мемлекет мүшелік етеді.