АҚШ Уэльспен тең ойнады

АҚШ Уэльспен тең ойнады

Әл-Райаның "Ахмед бен Али" стадионында 2022 жылғы әлем чемпионаты топтық кезеңінің кезекті матчында АҚШ пен Уэльс құрамалары кездесті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Матч 1:1 есебімен аяқталды. 36-минутта АҚШ құрамасының ойыншысы Тимоти Веа алғашқы гол соқса, 82-минутта Гарет Бэйл пенальтимен есепті теңестірді.

Осылайша, бұл футболдан әлем чемпионатында алғашқы тең есеппен аяқталған ойын. Еске салайық, В тобында Англия мен Иран құрамалары да өнер көрсетуде. Бірінші кездесуде Англия 6:2 есебімен Иранды жеңген болатын.