Әзірге барлық шабуылымыз нәтижесіз қалып отыр - Виктор Козлов

Әзірге барлық шабуылымыз нәтижесіз қалып отыр - Виктор Козлов
Хоккей

Бүгін "Барыс" хоккей клубы өз айдынында "Салават Юлаевты" қабылдап, уфалық команда қарсыласына 4:1 есебімен жол берді. Матчтан кейінгі баспасөз конференциясында "Салават Юлаевтың" бас бапкері Виктор Козлов ойынға қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

- Тағы да ойынды дұрыс бастаған жоқпыз. Қарсылас сан басымдығын жақсы жүзеге асырды. Гол соғатын мүмкіндіктер жасауға тырыстық, бірақ әзірге нәтижесіз, шайба соғу қиынға түсіп жүр. Осыған көп көңіл бөлу керек.

- Кадейкин – Шмелев жұбын бұзу тәжірибесін сәтсіз деп айтуға бола ма?

- Біз шабуылда да, қорғаныста да бірдей ойнай алатын төрт бестік құруға талпынып жатырмыз. Сондықтан әртүрлі үштіктерді байқап көрудеміз.

- Сучковты айдында көрмегенімізге біраз болды. Жарақаты бар ма, әлде қалай?

- Егорда бәрі дұрыс, ол өз мүмкіндігін күтіп жүр.

- Коледовтың тәртіпсіздігі үшін айдыннан қуылуы бүгінгі матчтың ең маңызды сәті болды. Төрешілердің бұл шешімімен келісесіз бе, әлде оның әрекетін құптайсыз ба?

- Мұндай сәттерде эмоцияны басқара білу керек.