Азиада-2026: Нұрлан Батырбеков джиу-джитсудан күміс алды
Жекпе-жек
Сали Сабиров
Қазақстандық джитсер Нұржан Батырбеков Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Отандасымыз 69 келіге дейінгі салмақтың финалында БАӘ өкілі Ахмед Андизбен жолығып, қарсыласына 2:0 есебімен жол берді. Осылайша Нұржан Батырбеков Азиаданы күміс медальмен аяқтады. Бұл оның екінші медалі.
Бұған дейін қазақстандық спортшы Ханчжоу-2022 ойындарында алтын алған еді.