Алан Құрманғалиев Ливанда үздік шықты

Алан Құрманғалиев Ливанда үздік шықты
Теннис
Басқа

Қазақстандық кіші ракетка шебері Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Ливанда өткен WTT Youth Contender Jezzine турнирінде алтын медаль иеленді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Алтын алқаға апарар жолда Алан Құрманғалиев Обад Аль-Абдулланы (Катар), иорданиялық Карим шалтунды, пуэрто-риколық Стивен Мореноны, ирандық Беньямин Фараджиді, нидерландтық Реми Шамбе-Вейльді, финалдық кездесуда тағы бір ирандық спортшы Амирмахди Кешаварзиді жеңді. 

Аланға дейін осы турнирде қарағандылық кіші ракетка шебері Мария Лукьянова топ жарған еді.