Жалғас Жұмағұлов Джонсоннан жеңіліп қалды
Жекпе-жек
Қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов аралас жекпе-жектен UFC Fight Night 215 турниріне қатысып, төрешілердің шешімімен осымен мансабында сегізінші рет жеңіліс тапты.
Жалғас Жұмағұлов пен америкалық Чарльз Джонсон арасындағы жекпе-жек үш раундқа есептелген болатын. Аса жеңіл салмақтағы бұл кездесуде төрешілердің шешімімен америкалық спортшы жеңіске жетті.
Осылайша. Жалғас Жұмағұлов кәсіби мансабында сегізінші рет жеңіліске ұшыраса, бұл Чарльз Джонсонның 12-жеңісі. Ал UFC-де Жұмағұлов тек бір рет жеңіп көрген, ал қалған бес кездесудің бәрінде жеңілген.