“Атырау” Гжельчакпен қоштасты

“Атырау” Гжельчакпен қоштасты
Футбол

Футболдан Қазақстан Премьер-Лигасында өнер көрсететін “Атырау” командасы бір ойыншысымен қоштасты. 34 жастағы спортшы Петр Гжельчак кәсіби мансабын өзге клубта жалғастырады. 

Футболшы “Атырау” сапын 2019 жылы толықтырған. Биылғы маусымда ол 8 ойынға қатысып, 4 гол соққан.

Ал жалпы, “мұнайшылар” командасындағы 3,5 жылда спортшы 76 матчта ойнап, 20 гол және 5 нәтижелі паспен көзге түскен.