Танымал спортшы суық қару тасымалдағаны үшін қамауға алынды
Жекпе-жек
Жаңа Зеландиялық ММА спортшысы Исраэль Адесанья Нью-Йорк әуежайында суық қару тасымалдағаны үшін қамауға алынды.
Сәрсенбі күні полиция спортшының сөмкесінде кастет тауып, ұстаған. Себебі штатта бұл заң бұзушылық болып табылады. Исраэль менеджерінің айтуынша, кастетті оған жанкүйер сыйға тартқан болатын. Адесанья билік өкілдерімен ынтымастыққа келіп, үйіне жіберілген.
Еске салайық, 13 қараша күні спортшы бразилиялық Алекс Перейрадан техникалық нокаутпен жеңіліп, абсолютті жекпе-жек чемпионатының (UFC) орта салмақтағы титулынан айырылды.
Адесанья спорттық мансабында 23 рет жеңіске жетіп, 2 рет қана ұтылған болатын.