Жүзуден есту қабілеті зақымданған балалар және жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті
Астана қаласында 10-11 қара аралығында жүзуден есту қабілеті зақымданған балалар және жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің 11 өңірінен 60-тан астам спортшы қатысты.
Чемпионатта 12 жасқа дейінгі балалар және 13-15 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен 16-18 жас аралықтағы жастар 9 дисциплина бойынша өнер көрсетті.
Жалпы командалық есеп бойынша:
1 орын – Астана қаласы (13 алтын, 14 күміс, 12 қола);
2 орын – Қарағанды облысы (13 алтын, 8 күміс, 7 қола);
3 орын – Алматы қаласы (8 алтын, 8 күміс, 7 қола);
4 орын – Жамбыл облысы (6 алтын, 5 күміс, 2 қола);
5 орын – Шымкент қаласы (6 алтын, 3 күміс, 6 қола);
6 орын – Абай облысы (3 алтын, 3 күміс);
7 орын – Атырау облысы (3 алтын, 1 қола);
8 орын – Павлодар облысы (3 алтын);
9 орын – Ақтөбе облысы (1 алтын, 3 күміс, 4 қола);
10 орын – Қостанай облысы (3 күміс);
11 орын – Ақмола облысы (2 күміс, 2 қола).