Әр ойында жеңіске жету маңызды - Магомед Адиев

Әр ойында жеңіске жету маңызды - Магомед Адиев
Футбол

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Өзбекстанмен болатын жолдастық кездесу алдында БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді. 


"Кез келген бапкер мен футболшы үшін жеңіске жету маңызды. Ешқандай түбегейлі принцип жоқ. Ең бірінші міндет - Еуро-2024 іріктеу ойындарына дайындық жүргізу. Алдымызда бірнеше жолдастық ойын күтіп тұр. Сол арқылы Еуро-2024 іріктеу кезеңіне дұрыс дайындалып, жақсы нәтиже көрсету - мақсат", - деді Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев. 


16 қараша күні Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары арасында өтетін жолдастық кездесу Астана уақытымен 19:00-де басталады.