Құрлықтық хоккей лигасындағы тарихи дебют

Хоккей
"Витязь" бен "Нефтехимик" арасындағы матчта Лигадағы тағы бір тарихи жетістік тіркелді.
Нижнекамскілік команданың қақпасын қорғаған Антон Кислицын үшін бұл Лигадағы дебюттік матч болды. 33 жастағы қақпашы 2 жыл бұрын өз кәсіби мансабын аяқтап, "Нефтехимик" хоккей клубының жастар командасын жаттықтырып жүрген. Клубтың барлық дерлік қақпашыларының жарақат алу себебіне байланысты Антон Кислицын 7 қараша күні "Нефтехимикпен" келісімшарт жасасқан. Сөйтіп, "Витязьге" қарсы мачта ҚХЛ-дағы дебюттік матчын өткізіп, 5:4 есебімен алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Бұған дейін осы матчта екі команданың ойыншылары да хет-трик жасап, тарихи нәтиже көресткендерін жазғанбыз.