"Витязь" бен "Нефтехимик" ойыншылары хет-трик жасап, "Барыстың" жетістігін қайталады

Хоккей

Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты маусымы аясында "Витязь" мен "Нефтехимик" командалары кездесіп, бір ойында екі команданың ойыншылары үш шайбадан соқты. Айдын иесі "Витязь" сапынан Кирилл Рассказов, ал нижнекамскілік команда құрамынан Павел Порядин хет-трик жасады. 4:5 есебімен "Нефтехимик" хоккейшілері жеңіске жетті.


Бұл - екі команданың ойыншылары да хет-трик жасаған Құрлықтық хоккей лигасындағы 10-матч. Осы 10 ойынның ішінде астаналық "Барыс" командасының есімі жиі кездеседі. Елордалық клуб ҚХЛ 15 маусымында 3 рет осындай жетістікке жеткен. 


2011 жылы болған "Сибирь" - "Барыс" (4:3 ОТ) матчында Брэндон Боченски команданың үш голын да жалғыз өзі соққан. Екінші рет мұндай жетістікке астаналық клуб шабуылшысы Найджел Доус 2014 жылы "Салават Юлаевқа" (5:4) қарсы матчта қол жеткізген. Ал үшінші рет осындай нәтижемен Дастин Бойд көзге түсті. 2017 жылы магнитогорскілік командаға өткен матчта "Барыс" 3:5 есебімен жеңіліс тапқан. ал қарсылас құрамынан Данис Зарипов хет-трик жасаған. 


"Барыстың" Лиганың тарихи нәтижелер тізіміне енуіне клубтың ең үздік Боченски - Бойд - Доус шабуылдаушы үштігінің еңбегі сіңіп тұрғанына назар аудара кетейік.