Екі отандасымыз 1/8 финалдан әрі өте алған жоқ

Екі отандасымыз 1/8 финалдан әрі өте алған жоқ
Басқа

13-20 қараша күндері Мексиканың Гвадалахара қаласында таеквондодан Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін жарыс жолына екі отандасымыз шықты. 


Әйелдер арасында 57 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Камила Аймұқашева 1/8 финалда ұлыбританиялық Джейд Джонстан 2:0 есебімен жеңілді. Ал ерлер арасынбағы 80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Рахым Әділханов ширек финалға өту үшін бразиялиялық Энрике Маркес Родригес Фернандемен кездесіп, 2:1 есебімен жеңілді. Осылайша, екі отандасымыз Әлем чемпионатын 1/8 финалда аяқтады.