"Қайраттың" ірі жеңісі және футзалдан өзге ойындардың нәтижесі
Басқа
Бүгін футзалдан Қазақстан чемпионатының кезекті жарыс күнінде төрт матч өтті.
Алматылық "Қайрат" ақтаулық клубтың қақпасына Диегоның көмегімен 33-секундта-ақ гол соқты. "Қайрат" бұнымен тшқтап қалмай, ойын соңына дейін қарсылас қақпасын 10 рет дәл көздеді. Деннис Бертод болса, дубль авторы атанды. Ал "Каспий" сапындағы жалғыз голды Нұрсұлтан Таңатұлы соқты. Жалпы 8 гол соғылған "Аят" пен "Жастар" арасында өткен матчта рудныйлық команда 2:6 есебімен жеңіске жетіп, 3 ұпай жинады.
"Астана" мен "Ақтөбе" теке-тіресінде бір гол ғана соғылып, астаналық клуб жеңіске жетті. Гол авторы - Евгений Кошкин. Батыс қазақстандық "Бәйтерек" ойыншысы Хади Ахмадидің дублі "Атырауды" қатарынан екінші рет жеңуге көмектесті.