Қазақтың төрт қызы алтыннан алқа тағынуы мүмкін

Қазақтың төрт қызы алтыннан алқа тағынуы мүмкін
Бокс

Бүгін Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия біріншілігінің әйелдер арасындағы шешуші кезеңі басталады. Финалға 4 қазақ қызы жолдама алды. 


Әйелдер арасындағы финалдық жекпе-жектер елорда уақытымен 16:00-де басталады:

48 келі. 1-жұп - Алуа Балқыбекова - Като Хикару (Жапония).

54 келі. 4-жұп - Жайна Шекербекова - Джутамас Джитпонг (Таиланд).

57 келі. 5-жұп - Карина Ибрагимова - Ирие Сена (Жапония).

81 келі. 11-жұп - Гүлсая Ержан - Савити (Үндістан). 


Алуа Балқыбекова жұдырықтаспай-ақ, Азия чемпионы атануы әбден мүмкін. Бұған дейін оның қарсыласының сол қолынан жарақат алғаны туралы жазғанбыз.