Қазақ қызы жұдырықтаспай-ақ Азия біріншілігінің чемпионы атанды

Қазақ қызы жұдырықтаспай-ақ Азия біріншілігінің чемпионы атанды
Бокс

Алуа Балқыбекова жекпе-жексіз бокстан Азия біріншілігінің чемпионы атануы мүмкін. 

Бокстан Қазақстан федерациясының жариялаған хабарламасына сәйкес, отандасымыздың қарсыласы финалдық кездесуге қатыса алмайды. 

"Бейресми ақпарат бойынша Алуа Балқыбекова - 2022 жылғы Азия біріншілігінің жеңімпазы! Оның жапониялық қарсыласы қолын жарақатты алған", - делінген мәлімдемеде. 

Айта кетейік, Алуа Балқыбекова 48 келіге дейінгі салмақта жапониялық Като Хикарумен айқасуы тиіс.