Жеңіл атлет Алина Чистякова Азия ойындарында үздік үштікке енді

Жеңіл атлет Алина Чистякова Азия ойындарында үздік үштікке енді
Басқа

Никита Басов

Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы тағы бір жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Отандық жеңіл атлет Алина Чистякова әйелдер арасындағы көпсайыс (жетісайыс) бәсекесінде сәтті өнер көрсетіп, қола медаль еншіледі.

Екі күнге созылған тартысты бәсекеде 21 жастағы қазақстандық спортшы спорттың жеті түрінен күш сынасып, қорытындысында 5 568 ұпай жинады.

Бұл сында бас жүлде мен күміс медаль жарыс қожайындары - Жапония өкілдері Юри Танака (5 920 ұпай) мен Нанака Кадзикиге (5 673 ұпай) бұйырды.

Чистякованың бұл жеңісі Қазақстан жеңіл атлетикасының Азия додасындағы кезекті жоғары көрсеткіші болып тіркелді.