Қазақстан құрамасы джиу-джитсудан Әлем чемпионатында екінші орынға тұрақтады

Қазақстан құрамасы джиу-джитсудан Әлем чемпионатында екінші орынға тұрақтады
Басқа

Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында джиу-джитсудан барлық жас санатындағы Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. 

Халықаралық додада ел намысын қорғаған Қазақстан құрамасы жаһан біріншілігінің нәтижесінде жалып есепте 2-орын алды. Құрама қоржынында 22 алтын, 15 күміс, 39 қола медаль бар.


Жалпы есепте жарыс иесі Біріккен Араб Әмірліктері 28 алтын, 19 күміс, 21 қоламен көш бастаса, Германия (16 алтын, 13 күміс, 16 қола) үздік үштікті түйіндеді.