Елена Рыбакина: "Бастысы - күшімізді қалыпқа келтіру"

Елена Рыбакина:
Теннис

Билли Джин Кинг Кубогының алғашқы жарыс күнінде ұлыбританиялық Хэрриет Дартты жеңген Елена Рыбакина матч туралы пікірін айтып, ендігі қарсыласы туралы ойын білдірді. 


"Хэрриет Дартқа қарсы ойнау жеңіл болды деп айта алмаймын, өйткені екінші сетте ол өте жақсы ойнады. Допты өзім ойынға қосқан бірнеше геймде жеңіліп қалдым, алайда жақсы матч өткізіп, жеңіске жеттім. Бұл - ең бастысы. Испаниялықтарға қарсы болатын ойын аса маңызды. Паула Бадосамен ойнайтын шығармын. Паула мені жақсы білгені сияқты, мен де оның ойынын дәл солай жақсы білемін. Бір-бірімізге қарсы күрделі матчтар өткіздік. Жақсы матч болады деп ойлаймын. Жеңіске жету үшін барымызды саламыз. Бастысы - күшімізді қалыпқа келтіру", - деді қазақстандық теннисші Елена Рыбакина. 


Әлемнің 22-ракеткасы Елена Рыбакина ұлыбританиялық Хэрриет Дартты 6:1, 6:4 есебімен 2 сетте жеңгенін еске салайық.