Қазақстандық спортшылар Әлем чемпионатының финалына жолдама алды

Қазақстандық спортшылар Әлем чемпионатының финалына жолдама алды
Басқа

Қазақстандық спортшы Ақмарал Науатбек Бакуде (Әзербайжан) өтіп жатқан Парадзюдодан әлем чемпионатының финалына шықты. Жартылай финалда тайпэйлік Ли Кай Линді жеңген отандасымыз, финалда Ауриерес Мартинетпен кездеседі. Атап өткен жөн, Мартинет паралимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері.

Өз кезегінде ерлер арасында 73 келіде Ерғали Шамей Румыниялық Александро Бологадан басым түсіп, ақтық сынға жолдама алды.

Ал, Даяна Федосова мен Олжас Оразалы әлем чемпионатының қоласы үшін күресетін болады.

Финалдық белдесулер елорда уақытымен сағат 19:00 де өтеді.

Әлемнің 40 тан астам елінен 300 ден аса спортшы бақ сынап жатқан байрақты бәсекеде ел намысын 18 парадзюдошы қорғауда.