Қазақстандық пара садақшылар бір алтын, бір күміс жүлдені жеңіп алды
Басқа
2-6 қараша аралығында Кипрде пара садақ атудан Жерортатеңізінің ашық кубогі өтті. Халықаралық жарыста 5 мемлекеттен 20-ға жуық спортшы қатысты.
Жарыстың нәтижесі бойынша еліміздің спортшылары Александр Медведев алтын медальға қол жеткізсе, Арлан Атейбеков күміс жүлдеге ие болды.
«Бұл пара садақ ату спорт түрінен халықаралық жарыстағы еліміздің алғашқы жүлделері. Жалпы пара садақ ату спорты Қазақстанда енді дамып келе жатқан спорт түрі болып табылады. Қазіргі таңда елімізде 50-ден астам мүгедектігі бар адам пара садақ ату спорт түрімен айналысып келеді», – деді Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының команда басшысы Мерей Бигарин.