"Барыстың" екі шабуылшысы қатарға қайта қосылды

Хоккей

Астаналық клубтың екі шабуылшысы Майкл Шапю мен Аңсар Шайхмедденов жарақат алғандар тізімінен шығарылды. 


Екі ойыншы да кешеден бастап командамен жаттығу жұмыстарына қайта кіріскен. "Адмиралмен" болған матчтан кейінгі баспасөз конференциясында Андрей Скабелка Майкл Шапюдің "Витязьбен" ойынға қатысуы әбден мүмкін екендігін айтқан еді.

Ал осы матч алдында тек Никита Михайлис жарақат алғандар қатарында қалып отыр. 


Аңсар Шайхмедденов пен Майкл Шапю 15 қазан күні "Амурға" қарсы өткізген матчта жарақат алған болатын.