Андрей Скабелка: “Есепті теңестіретін мүмкіндіктер болды”
Хоккей
“Барыстың” бас бапкері Андрей Скабелка “Адмиралмен” болған ойын туралы өз пікірін айтты.
- Ойынды жақсы бастадық. Жылдам матч болды. Бірақ екінші кезеңдегі айып уақыттары өз әсерін тигізді. Бір кезеңде 4 рет айып уақытын алдық. Гол соғып, есепті теңестіретін мүмкіндіктер болды, бірақ жүзеге асыра алмадық. Жеңіске жету үшін бар күшімізді салдық, бірақ ол жеткіліксіз болды.
- Жарақат алғандар тізіміндегі ойыншыларды алаңнан қашан көре аламыз?
- Майкл Шапю “Витязьбен” ойынға шығады деп жоспарлап отырмыз. Михайлис әлі белгісіз. Гурков жарақат алған жоқ, тек сәл сырқаттанып қалды. Аркадий Шестаковтың жағдайын бақылаймыз. Ал Аңсар Шайхмедденовтің алған жарақаты күрделірек.