Римма Волосенко мәлімдеме жасады

Римма Волосенко мәлімдеме жасады
Бокс

2021 жылғы Азия чемпионы Римма Волосенко Амманда өтіп жатқан бокстан Азия біріншілігінің ширек финалындағы жеңілісінен кейін мәлімдеме жасады. 

"Мен отбасыма және жеке жаттықтырушы Берік Маржықпаевқа артқан сенімдері үшін алғысым шексіз. Олар кез-келген жағдайда қасымда табылады. Мені уайымдап, сенгендері үшін жаттықтырушылар құрамына, қыздарға, уақыт айырмашылығына қарамастан жанкүйер болған барлық қазақстандықтарға рақметімді айтамын. Жекеме жылы лебіздерін жаудыруда. Бұл мен үшін қымбат! Әрбір қиындықтың артында жеңілдік бар деген рас екен", - деп жазды ол өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында. 


Еске салайық, 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Римма Волосенко моңғолиялық боксшы Номин-Эрдене Тугсжаргалды екі рет нокдаунға түсірді. Алайда ол жеңіс жеткілікті болған жоқ. Осылайша, Римма Волосенконың Аммандағы Азия чемпионатындағы жарыс жолы аяқталды.