Римма Волосенко ширек финалдан аса алған жоқ

Римма Волосенко ширек финалдан аса алған жоқ
Бокс

Иордания астанасы Аммандағы Азия біріншілігіндегі кезекті жарыс күнінде рингке соңғы болып шыққан аруымыз Римма Волосенко келесі кезеңге өте алмай, жарыс жолын аяқтады.

60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Римма Волосенко моңғолиялық боксшы Номин-Эрдене Тугсжаргалды екі рет нокдаунға түсірді. Алайда ол жеңіс жеткілікті болған жоқ. Осылайша, Римма Волосенконың Аммандағы Азия чемпионатындағы жарыс жолы аяқталды.