“Астана” футбол клубы Қазақстан Премьер-Лигасының жеті дүркін чемпионы атанды
Футбол
Бүгін футболдан Қазақстан Премьер-Лигасы маусымының қорытынды 26-тур ойындары өтіп, жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды.
“Астана” футбол клубы қорытынды матчта қарағандылық “Шахтерді” 2:3 есебімен жеңіп, өз тарихында жетінші рет ел чемпионы атанды.
Маусым қорытындысы бойынша 52 ұпай жинаған “Ақтөбе” (Ақтөбе) екінші орынға жайғасса, қостанайлық “Тобыл” 47 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.
Биылғы маусым қорытындысына сәйкес, келесі жыля “Ақжайық” (Орал) пен “Тұран” (Түркістан) Бірінші лигада ойнайды. Ал Қазақстан Премьер-Лигасындағы олардың орнын “Оқжетпес” (Көкшетау) және “Қайсар” (Қызылорда) командалары басады.