Каратэші Бэлла Самашева Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді

Каратэші Бэлла Самашева Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді
Жекпе-жек

Арлан Олжабай

Каратэден Қазақстан құрамасының өкілі Бэлла Самашева Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақта сәтті өнер көрсетті. Бэлла қола жүлде үшін өткен жекпе-жекте өзбекстандық Севинч Рахимованы жеңді. Осылайша Бэлла Самашева 2026 жылғы Азия ойындарын қола жүлдемен аяқтады.