Бокстан Азия біріншілігі: Сәкен Бибосынов келесі айналымға шықты

Бокстан Азия біріншілігі: Сәкен Бибосынов келесі айналымға шықты
Бокс

Иорданияда өтіп жатқан Азия чемпионатының бесінші күнінде ерлер арасында 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы, 2021 жылғы әлем чемпионы, 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Сәкен Бибосынов Малайзия өкілі Каюм Арифинмен кездесті. 

Төрешілердің шешімімен отандасымыз жеңіске жетті. Ол 0:5 ұпай жинап, жартылай финалға шықты. 

Бұған дейін шаршы алаңға шыққан Жайна Шекербекова, Жазира Орақбаева мен Карина Ибрагимова сәтті өнер көрсетіп, жартылай финалға жолдама алды.