"Астана" футболшылары Сирия мен Оман командаларына қарсы ойнайды

Футбол

Елордалық "Астана" ойыншылары Денис Поляков пен Макс Эбонг Беларусь ұлттық құрамасына Сирия мен Оман командаларына қарсы халықаралық жолдастық кездесулерге шақырылды.

Сирияға қарсы ойын 17 қараша күні Дубайда Шабаб Әл-Ахли стадионында өтеді. Оманға қарсы жолдастық матч 20 қарашада болады, алайда нақты орны кейінірек белгілі болады.

Жиын 13 қарашадан 21-не дейін жалғасады.13 қарашада Георгий Кондратьевтің командасы БАӘ-ге аттанады, ал 21-де Беларусь Республикасына оралады.