Кирилл Герасименко Словениядағы WTT Contender Nova халықаралық турнирінде өнер көрсетеді

Кирилл Герасименко Словениядағы WTT Contender Nova халықаралық турнирінде өнер көрсетеді
Басқа

Нова-Горица қаласында (Словения) үстел теннисінен WTT Contender Nova халықаралық турнир басталды.

Оған әлемдік рейтингте 9-50 сатыға орналасқан спортшылар қатысады. Қазақстандық Кирилл Герасименко (рейтингте 31-ші) 3 қарашада 1/16 финалда Маркуш Андре Соуза да Силва Фрейташпен (Португалия) кездеседі.

Ол екі дүркін Еуропа чемпионы, Еуропа ойындарының чемпионы, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының ширек финалисті.