"Мақтаарал" ойыншылары баспасөз мәслихатының өтуіне кедергі келтірді

Футбол

"Мақтаарал" футболшылары "Тұран" арасындағы ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатының өтуіне бөгет жасады. 

Бүгін Премьер-Лиганың 25-турдағы ойында атакенттік "Мақтаарал" түркістандық "Тұранды" 3:0 есебімен жеңген болатын. Матчтан кейін жаттықтырушы Константин Горовенко баспасөз мәслихатын өткізіп жатқан сәтте, ойыншылар залға кіріп, қуанғадарын көрсетті. 

Бұған қарамастан бапкер баспасөз мәслихатын жалғастырды.

Айта кетейік, жеңістің арқасында "Мақтаарал" турнир кестесінде екі саты жоғарылап 9-орынға көтерілді. Ал 25 ұпайы бар "Тұран" ең соңғы орында қалды.