Карим Бензема "Алтын доп" жүлдесін алды

Карим Бензема
Футбол
2022 жылдың қорытындысы бойынша әлемнің ең үздік футболшысы анықталды. "Реал" футбол клубының шабуылшысы Карим Бензема "Алтын доп" жүлдесін иеленді, Карим Бензема бұл сыйлыққа әбден лайық. 34 жасында "Реалмен" Испания чемпионаты мен Чемпиондар Лигасын жеңіп алды. Биылғы жылы Бензема түрлі турнирлерде 32 ойында 28 гол соққан.

Дауыс беру нәтижесі бойынша ойыншылардың топ-20:
 
20. Криштиану Роналду, «Манчестер Юнайтед» 
17-19. Луис Диас, «Ливерпуль» 
17-19. Душан Влахович, «Ювентус» 
17-19. Каземиро, «Манчестер Юнайтед» 
16. Вирджил ван Дейк, «Ливерпуль» 
14-15. Фабиньо, «Ливерпуль» 
14-15. Рафаэл Леау, «Милан» 
13. Себастьен Аллер, «Боруссия» Дортмунд 
12. Рияд Марез, «Манчестер Сити» 
11. Сон Хын Мин, «Тоттенхэм» 
10. Эрлинг Холанд, «Манчестер Сити» 
9. Лука Модрич, «Реал» 
8. Винисиус Жуниор, «Реал» 
7. Тибо Куртуа, «Реал» 
6. Килиан Мбаппе, «ПСЖ» 
5. Мохамед Салах, «Ливерпуль» 
4. Роберт Левандовски, «Барселона» 
3. Кевин Де Брёйне, «Манчестер Сити» 
2. Садио Мане, «Бавария» 
1. Карим Бензема, «Реал»

.
«Баршаңызға көп рахмет. Бұл жол оңай блокады. Ұлттық құрама сапында біраз ойнамадым. Қайта оралдым. Қиын кезеңдерді өткеріп, жақсы жұмыс жасағаным үшін мақтан етемін. Клуб және ұлттық құрамадағы әріптестерімен алғыс айтамын. Бұл веке спортшыға берілетін жүлде болғанымен, ұжымның үлесі үлкен. Менің балалық шағымдағы арманым орындалды. Бұл оңай емес, бірақ оған қол жеткізуге болады. Мен гол соққаннан гөрі команда үшін ойнауды ұнатамын. Менің анам көп көмегін тигізді. Бүгін ол кісі осы жерде. 30-дан жастан асқанда осындай жүлде алу - қыруар еңбектің жемісі деп білемін», - деді Карим Бензема. 

Франция елінің футьолшысы соңғы рет "Алтын допты" осыпан 24 был бұрын алған еді. Сол кезде "Ювентусте" ойнап жүрген Зинедин Зидан 1998 жылдың ең үздік ойыншысы атанған.

.
"Реал" қақпашысы Тибо Куртуа 2019 жылдан бері үздік қақпашыға табысталатын Лев Яшин атындағы сыйлықтың иегері атанды. 18 жастағы «Барселонаның» жартылай қорғаушысы Гави ең үздік жас ойыншы атанды. Бұл жүлде 21 жасқа дейінгі футболшыларға беріледі.
Әйелдер футболында «Барселона» клубының жұлдызы Алексия Путельяске тең келер ешкім болмады. Ол қатарынан екінші рет «Алтын допты» иеленіп отыр.
.
«Барселона» ойыншысы Роберт Левандовски тағы да «Алтын допсыз» қалды. Бірақ оған France Football жылдың ең нәтижелі шабуылшысына берілетін Герд Мюллер жүлдесін табыстады. 
 «Бавария» ойыншысы Садио Мане Сократес атындағы жүлдені иеленді. Сыйлық футболдан алаңнан тыс саяси және әлеуметтің салада өзін белсенді танытқаны үшін беріледі.