Лионель Месси: әлем чемпионаттарындағы рекордтары мен статистикасы

Лионель Месси: әлем чемпионаттарындағы рекордтары мен статистикасы
Футбол

Фото: Getty Images

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты Лионель Месси үшін мансабындағы алтыншы мундиаль болып отыр, деп хабарлайды Bassport.kz Olympics.com сайтына сілтеме жасап. 

 Сегіз дүркін «Алтын доп» иегері және 2022 жылғы әлем чемпионы Лионель Месси әлем чемпионаттары тарихындағы көптеген рекордтардың иесі саналады. Аргентина құрамасының Алжирге қарсы матчынан кейін Мессидің көрсеткіштері тағы да жақсарды. Аталған кездесуде ол әлем чемпионаттарындағы алғашқы хет-тригін тіркеді. 

Фото: Getty Images

Әлем чемпионаттарындағы Лионель Мессидің басты рекордтары

Гол саны – 16

Месси әлем чемпионаттарының үздік сұрмергені атағын Мирослав Клоземен бөліседі. Екеуінің еншісінде 16 голдан бар. Одан кейінгі орындарда Роналдо (15) мен Килиан Мбаппе (14) тұр. 

Матч саны – 27

Аргентиналық жұлдыз 2006, 2010, 2014, 2018, 2022 және 2026 жылғы әлем чемпионаттарына қатысып отыр. Алты мундиальға қатысқан алғашқы футболшы ретінде де рекорд орнатты.

Ойын уақыты – 2395 минут

Месси әлем чемпионаттарында ең көп уақыт өткізген ойыншы саналады. Бұған дейінгі рекорд Паоло Мальдиниге тиесілі болған.

Капитан ретіндегі матчтар – 20

Аргентина құрамасын 20 рет капитан ретінде алаңға бастап шыққан Месси бұл көрсеткіш бойынша да көш бастап тұр.

«Гол+пас» жүйесі бойынша – 24 ұпай

Әлем чемпионаттарында 16 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген Месси жалпы 24 ұпай жинаған. Бұл – мундиаль тарихындағы үздік нәтиже. Аргентина құрамасының рекордшысы

Месси әлем чемпионаттарында соққан 16 голымен Аргентина тарихындағы ең нәтижелі ойыншы атанды. Бұған дейінгі рекорд Габриэль Батистутаға тиесілі еді.

20 жыл бойы гол соғып келеді

Месси әлем чемпионаттарындағы алғашқы голын 2006 жылдың 16 маусымында соқса, соңғы голын 2026 жылдың 16 маусымында енгізді. Осылайша ол мундиальдарда 20 жыл бойы мергендік танытып келеді.

Тағы қандай рекордтары бар?

Месси – бір әлем чемпионатында топтық кезеңде, 1/8 финалда, ширек финалда, жартылай финалда және финалда гол соққан тарихтағы алғашқы футболшы.

2022 жылы Катардағы әлем чемпионатында ол бес рет матчтың үздік ойыншысы атанып, бір турнирдегі рекордты жаңартты.

Жалпы есепте Мессидің әлем чемпионаттарындағы «Матч ойыншысы» атағы тоғызға жетті. Бұл көрсеткіш бойынша да ол көш бастап тұр.

Сонымен қатар аргентиналық футболшы әлем чемпионатының «Алтын доп» жүлдесін екі рет жеңіп алған алғашқы ойыншы Лионель Месси: әлем чемпионаттарындағы рекордтары мен статистикасы.

Айта кетейік, Лионель Месси 2022 жылы Аргентина құрамасымен әлем чемпионы атанып, өз мансабындағы ең басты жетістікке қол жеткізген болатын.