Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы Аустралиядан басым түсті

Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы Аустралиядан басым түсті
Басқа

ҰОК

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатындағы екінші матчын өткізді, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

Ұлттық құрама бұл кездесуде Аустралия командасымен ойнап, 3:0 (25:21, 25:18, 25:21) есебімен жеңіске жетті. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы алғашқы матчында Индонезияға 0:3 есебімен есе жіберген еді. Қазақстандық волейболшылар келесі ойынын 25 тамызда Таиланд құрамасына қарсы өткізеді.