Иван Иванов ядро лақтырудан Орталық Азияның III чемпионатында алтын алды
Басқа
Жеңіл атлетика федерацияся
Ташкентте өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Орталық Азияның III чемпионатында Иван Иванов ядро лақтырудан алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bassport.kz Sport+ сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық спортшы 19,35 метр нәтижесімен бірінші орынға ие болды. Күміс жүлдені Түрікменстан өкілі Гурбанназар Какаджаев (15,79 м), қола жүлдені Өзбекстан спортшысы Абдуазим Рахматуллаев (15,39 м) еншіледі.
Иван Ивановтың Ташкенттегі нәтижесі соңғы екі жылдағы ең үздік көрсеткіштерінің бірі болды. 2026 жылы бұдан жоғары нәтижені ол Мокпода өткен Азияның лақтыру түрлерінен чемпионатында тіркеген.