ПСЖ «Барселона» шабуылшысы Ферран Торреспен 5 жылдық келісімшарт жасасты
Футбол
psg.fr
Ферран Торрес ресми түрде 50 миллион еуроға «Барселонадан» ПСЖ клубына ауысты және жаңа командасында 9-шы нөмірлі жейдемен өнер көрсетеді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Париждік клуб бұл трансфер үшін каталондықтардың есепшотына 50 миллион еуро аударған. 26 жастағы испаниялық шабуылшы жаңа ұжыммен 2031 жылдың жазына дейін жарамды бес жылдық келісімшартқа қол қойды және Парижде 9-шы нөмірлі жейдемен доп тебеді.
Торрес бұған дейін «Барселона» сапында бес маусым бойы тұрақты өнер көрсетіп, барлық турнирлерде 207 матчта алаңға шықты. Ол каталондықтар жейдесінде 65 гол соғып, Ла Лигада үш мәрте чемпиондық тұғырға көтерілген еді.