Шорт-тректен әлем кубогінің екі кезеңі Алматыда өтеді

Шорт-тректен әлем кубогінің екі кезеңі Алматыда өтеді
Басқа
ISU шорт-тректен 2022 жылғы жарыс күнтізбесін жариялап, әлем кубогі кезеңдері өтетін қалаларды анықтады, деп жазады Bassport.kz.  9-11 және 16-18 желтоқсан күндері шорт-тректен әлем кубогінің екі бірдей кезеңін Алматы қаласы қабылдайды. Алматы қаласы кубоктік доданы алғаш рет 2018 жылы өткізген болатын. Ал 2022 жылғы маусым 28-30 қазан күндері Канаданың Монреаль қаласында басталады. Әлем кубогінің екінші кезеңі 4-6 қарашада Солт-Лейк-Ситиде өтсе, Алматыдағы турнирден кейін спортшылар Еуропаға бет алмақ. Атап айтар болсақ, 3-5 ақпан күндері Германиняның Дрезден қаласында бесінші кезең ұйымдастырылады. Финалдық кезең 10-12 ақпан күндері Нидерландтың Дордрехт қаласында өтеді.