Отандастарымыз академиялық ескек есуден әлем чемпионатында бақ сынайды
Басқа
ҰОК
6 тамызда Болгарияның Пловдив қаласында академиялық ескек есуден 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Әлем біріншілігінде Қазақстан атынан екі спортшы сынға түседі. Семён Первушкин және Дмитрий Ануприев ел намысын қорғайды. Отандастарымыз ерлер арасындағы жұптық сайыста өнер көрсетеді.
Айта кетейік, әлем чемпионаты 9 тамызға дейін жалғасады.