Қазақстан жасөспірімдер құрамасының әлем чемпионатындағы ойын кестесі белгілі болды

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының әлем чемпионатындағы ойын кестесі белгілі болды
Хоккей

Сурет: Қазақстан хоккей федерациясы

Қаңтар айының 19-25 күндері Түркияның Ыстамбұл қаласында 18 жасқа дейінгі қыздар арасында ІІ дивизионның А тобынлағы әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Бұл жарыста Қазақстан жасөспірімдер құрамасы да бақ сынап, І дивизионның В тобына берілетін жалғыз жолдама үшін талас жүргізеді. Қарсыластарымыз Жаңа Зеландия, Латвия, Түркия, Нидерланды және Оңтүстік Корея құрамалары. Былтыр біздің қыздар турнирдің күміс жүлдегері атанған. 

Қазақстан құрамасының турнирдегі ойын кестесі төмендегідей: 

19 қаңтар2026, 18:30 – Қазақстан – Жаңа Зеландия

20 қаңтар 2026, 15:00 – Қазақстан – Латвия

22 қаңтар 2026, 22:00 – Қазақстан – Түркия

23 қаңтар 2026, 18:30 – Нидерланд – Қазақстан

25 қаңтар 2026, 18:30 – Корея – Қазақстан

*Матчтардың басталуы Астана уақытымен көрсетілген.