Әлем Кубогы кезеңі: Қазақстан құрамасы қандай нәтиже көрсетті
Биатлон
Францияның Анси-ле-Гран-Борнан қаласында биатлоннан Әлем кубогының кезекті кезеңі аяқталды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Турнир барысында жүлделер үш дисциплина бойынша сарапқа салынды: спринт, із кесу және масс-старт. Спринт жарысында Қазақстан құрамасының спортшылары төмендегідей нәтиже көрсетті:
- Владислав Киреев - 75-орын;
- Вадим Куралес - 95-орын;
- Әсет Дүйсенов - 99-орын;
- Милана Генёва - 83-орын;
- Алина Скрипкина - 91-орын;
- Дарья Климина - 93-орын.
Қазақстандық биатлоншылардың ешқайсысы із кесу жарысына жолдама ала алмады. Сондай-ақ ұлттық құрама масс-стартта өнер көрсеткен жоқ.