Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясына жаңа президент сайланды
Күрес
5 желтоқсанда Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының отырысы өтті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиын барысында қатысушылар 2025 жылғы жұмыс қорытындыларын, ұлттық құрамалардың халықаралық жарыстардағы нәтижелерін талқылап, жаңа маусымға қойылған міндеттерді қарастырды. Сондай-ақ федерация президентін сайлау өтті.
Жиынға қатысушылардың шешімімен федерацияның жаңа президенті болып Еркін Оқасов сайланды.
Ол өз еркімен қызметінен кеткен Дәулет Тұрлыхановтың орнына келді.