Таеквондо: Тамерлан Тлеулес әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Таеквондо: Тамерлан Тлеулес әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Басқа

World Taekwondo

Тамерлан Тлеулес таеквондодан жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

 Жарыстың екінші күнінде ұлттық құрама спортшысы Тамерлан Тлеулес қола жүлдегер атанды. Ерлер арасында 63 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ол жартылай финалға дейін қарсылас шақ келтірмеді. Алайда, жартылай финалда түркиялық Айдоган Хамза Османға есе жіберді. Десе де, отандасымыз Тамерлан Тлеулес жартылай финалға дейін Грекия, Палестина, Оңтүстік Корея және Пуэрто-Рико спортшыларын жарыстан ығыстырған еді.

Айта кетерлігі, таеквондодан 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы Әлем чемпионаты 6 желтоқсанға дейін жалғасады. Әлем біріншілігіне барлығы 75 елден 500-ге жуық даянг шебері қатысуда.