Тамерлан Тлеулес әлем чемпионаты финалының жолдамасына таласады

Тамерлан Тлеулес әлем чемпионаты финалының жолдамасына таласады
Басқа

Қазақстан таеквондо федерациясы

Таеквондодан Қазақстан құрамасының мүшесі Тамерлан Тлеулес жастар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан отандасымыз ширек финалда Пуэрто-Рико спортшысы Сантьяго Хосе Даниді 2:0 есебімен жеңді. 

Еске салайық, кеше Кенияда өтіп жатқан әлем біріншілігінің алғашқы күнінде Бейбарыс Қаблан (+87 келі) жеңімпаз атанып, ел қоржынына алғашқы алтын жүлдені салған болатын.