Таеквондо: әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын жастарымыз анықталды
Қазақстан таеквондо федерациясы
3-6 желтоқсан күндері Кенияда 21 жасқа дейінгі жастар арасында таеквондодан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Найробидегі байрақты бәсекеге Қазақстан құрамасынан 16 спортшы қатысады. Құрама сапында Қытайда өткен ересектер арасындағы әлем чемпионатына қатысқан 6 спортшы бар. Ал команданың толық құрамы төмендегідей:
Ерлер: Еркебұлан Еңсегенов (54 кг), Жавохирхон Исламов (58 кг), Тамирлан Тлеулес (63 кг), Арслан Ерментаев (68 кг), Бекасыл Ергеш (74 кг), Батырхан Кусетов (80 кг), Батырхан Төлеуғали (87 кг), Бейбарыс Қаблан (+87 кг).
Қыздар: Ақбота Желеу (46 кг), Нұрайым Жұмабек (49 кг), Айдана Сүндетбай (53 кг), Мария Севостьянова (57 кг), Аяулым Асқар (62 кг), Аружан Найманбаева (67 кг), Назым Маухмутова (73 кг), Алтыншаш Ыдырыс (+83 кг).